Басты ақпаратЖаңалықтар

АЛМАТЫ ПРОКУРАТУРАСЫ МЕН YANDEX АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАНДАРДЫ АНЫҚТАУДА

Caspian News, 5 апқан. Алматы қаласының прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan компаниясы арасында цифрлық сервистер арқылы табыс тауып, бірақ алимент төлеуден қашып жүрген тұлғаларды анықтау бойынша меморандум жасалды. Енді «ресми жұмыссызбын» деп табысын жасыратындар жауапкершілікке тартылады.

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің мәлімдеуінше, цифрлық платформалар арқылы (оның ішінде такси және жеткізу қызметтері) нақты табыс тауып жүрген, бірақ оны жасырып, алимент төлемеген тұлғалардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

  • 110 заңбұзушылық фактісі анықталды;

  • 57 тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды;

  • 10 факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Меморандумның мақсаты

Құжат аясында прокуратура мен Yandex Qazaqstan арасында жедел ақпарат алмасу процесі іске қосылады. Бұл қадам алимент төлеу міндеттемелерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге және жасырын табыс табу фактілерін жоюға бағытталған.

«Енді цифрлық сервистер арқылы табыс табатын тұлғалар өздерін формальды түрде жұмыссыз ретінде көрсетіп, табысын жасыра алмайды. Бұл шара балалардың құқығын қорғап, алимент төлеудің бұлтартпастығын қамтамасыз етеді», — деп атап өтті қала прокуроры.

Бұл бастама Алматы қаласындағы алимент бойынша берешек мәселесін шешудегі маңызды қадам болып отыр. Мамандардың айтуынша, заманауи технологиялар мен мемлекеттік органдардың бірігуі жасырын экономикамен күресудің тиімді құралына айналмақ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *