Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОТБАСЫ СӘБИІНЕ РОНАЛДОНЫҢ ЕСІМІН БЕРДІ

Caspian News, 5 ақпан. Маңғыстау облысында ерекше есімді нәресте дүниеге келді. Жас жұбайлар жаңа туған ұлдарына әлемдік футбол жұлдызы Криштиано Роналоның құрметіне есім берді.

Маңғыстаулық Әсел Ерімбетова мен Мерей Оразбековтың отбасында дүние есігін ашқан сәбиге Уразалы Роналдо Мерейұлы деген есім берілген. Бұл таңдау әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Неліктен Роналдо?

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, жас ана бұл қадамын баласының болашақта әлемдік деңгейдегі тұлға болып қалыптасуын қалайтындығымен түсіндіреді. Анасының айтуынша, есім баланың тағдырына оң әсер етіп, оның биік белестерді бағындыруына септігін тигізеді.

«Біреу батырдың, енді бірі атасының есімін береді. Ал біз ұлымыздың өрісі кең, әлемдік деңгейдегі азамат болғанын қаладық. Есімге қатысты сын айтушыларға айтарым: қазақи рух есімде емес, тәрбиеде. Мен ұлымды нағыз қазақ етіп тәрбиелеймін», — дейді Әсел Ерімбетова.

Қоғамның реакциясы

Ерекше есімге қатысты пікірлер екіге жарылды. Кейбір желі қолданушылары ата-ананың креативті таңдауын қолдаса, енді бірі дәстүрлі есімдердің маңыздылығын алға тартуда. Алайда, Уразалы Роналдоның ата-анасы баланың болашақта спортта немесе басқа салада өз биігін табатынына сенімді.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстанда әйгілі тұлғалардың, саясаткерлердің немесе оқиғалардың құрметіне қойылған (мысалы, Зидан, Мэсси, Касым-Жомарт) ерекше есімдер тіркелген болатын.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *