Басты ақпаратЖаңалықтар

АСТАНА 2026 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ТОЛЫҚ ГАЗДАНДЫРЫЛАДЫ

Caspian News, 24 желтоқсан. Астанада газдандыру деңгейі 95 пайызға жетті. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, қолданыстағы жобалар толық аяқталғаннан кейін 2026 жылы елорда 100 пайыз газбен қамтамасыз етіледі.

Әкімнің дерегінше, газдандыру жұмыстары тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамтып қана қоймай, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және көмірге тәуелділікті азайтуға бағытталған. Бұл әсіресе жеке сектор тұрғындары үшін маңызды.

Сонымен қатар елордада тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелерін дамытуға арналған бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, халық санының өсуін ескере отырып, жаңа су станцияларының құрылысы жүргізілуде, кәріз-тазарту құрылыстары жаңғыртылып, қосымша жылу көздері салынуда.

Бұл жобалар алдағы жылдары Астананы тұрақты жылу, ауыз су және газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, қаланың ұзақ мерзімді дамуына негіз болмақ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *