Жаңалықтар

БЕРГЕЙ СОТЫ ЖАЛҒАСУДА…

Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот процесі әлі де жүріп жатыр. Бүгін 8 куәгер тыңдалды. Олардың төртеуі Астанадан тікелей эфир арқылы байланысқа шықты. Ал тағы төртеуі – атыраулық. Оларды тыңдауға екі сағаттан астам уақыт кетті. Алайда, мемлекеттік айыптаушылар тарапынан қойылған сауалға, куәгерлердің көбісі иық көтеріп, бас шайқаумен болды. Солардың бірі – Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева

Куәгерлердің тағы бірі — Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Әлбақасовпен қалай танысқанын және біріге отырып қандай жұмыстар жасағанын айтып берді. Оған сенсек, куәгер 2006 жылы Атырауға келіп, Аманжан Рысқалиев басшылық ететін «МК бизнес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа тұрады. Арада 3 жыл өткен соң, яғни, 2009 жылы Рүстем Әлбақасовпен танысып, ол мұның атына жалпы көлемі 8 гектар болатын жер телімін алып, құжаттарын жасатады. Кейін оны Рүстем Әлбақасов мемлекетке 109 миллион теңгеге сатып жіберіпті.

Айта кетейік, Бергей Рысқалиев пен оның 8 сыбайласына қатысты сот процесі 18-ші қазан күні басталғагн болатын. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. Айыпталушыларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекет қаржысын ұрлады, заңсыз ақшаны заңдастырды деген секілді барлығы 8 бап бойынша айып тағылып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *