Caspian News, 27 қараша. Қазақстанда газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту жобасы іске асырылуда. Жаңа желілердің құрылысы аяқталған соң жылына 15,4 млрд текше метр газ тасымалдауға мүмкіндік болады.
Атқарылған жұмыстар ✅
-
Жетісу облысы: ұзындығы 302 шақырым «Талдықорған-Үшарал» магистральді газ құбырының құрылысы аяқталды.
-
Жобаның ауқымында 130 мыңнан астам тұрғын және 84 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Орындалуда ➡️
-
Ұзындығы 1400 шақырымнан асатын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынып жатыр.
-
Жобаның іске асырылуы оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерді тұрақты газбен қамтамасыз етуге, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.
❗ Мәні: Жаңа инфрақұрылым өңірлерге газ тарту қарқынын жылдамдатып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады.








