Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

КТК-ҒА ЖАСАЛҒАН СОҚҚЫЛАР: ЭКСПОРТТАЛАТЫН МҰНАЙДЫҢ 90%-Ы — ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫ, АЛАҢДАУШЫЛЫҚ КҮШЕЮДЕ

Caspian News, 26 қараша. Энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Каспий құбыр консорциумының (КТК) нысандарына жасалған кезекті шабуылдар Қазақстан экономикасына тікелей қауіп төндіріп отырғанын айтып, өз пікірін білдірді.

Сарапшының айтуынша, КТК арқылы тасымалданатын мұнайдың 90%-ы — Қазақстан өндірісі, оның ішінде елдің ең ірі үш жобасының мұнайы: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Бұл кен орындары Қазақстандағы ең ірі салық төлеушілер қатарына кіреді.

«Мысалы, Теңізшевройл — Қазақстандағы №1 салық төлеуші. Компания жыл сайын Ұлттық қорға және бюджетке 5,7–6 млрд доллар көлемінде салықтар мен төлемдер аударады. КТК-ға ірі залал келсе, бұл ең алдымен Қазақстан экономикасына соққы болады», — дейді Байділдинов.


Ресми реакцияның жоқтығы алаңдатады

Сарапшы КТК нысандарына жасалған шабуылдар бойынша Қазақстан тарапынан нақты реакция көрінбей отырғанын атап өтті.

«Казақстан мұнай құбыры мен оның қызметкерлерін қорғау үшін, қажет болса, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары (ПВО) сияқты шараларды қолдану керек», — деп есептейді ол.


Энергетика министрлігінің жауабы

Байділдиновтің айтуынша, ҚР Энергетика министрлігінің мәлімдемелері мәселенің тек Қазақстан аумағындағы бөлігіне қатысты.

«Министрлік үнемі: “Бұл жағдай өндірістік процеске әсер еткен жоқ. Қазақстан учаскесінде мұнай қабылдау шектеусіз жүргізілуде”, — деп қайталайды. Бұл дұрыс, бірақ тек Қазақстан аумағына қатысты мәлімет. Ал КТК-ның толық циклі бойынша тоқтау, кідіріс, қайта іске қосу — бұл уақыт, шығын және апат қаупі», — дейді сарапшы.


КТК Қазақстан үшін нені білдіреді?

Каспий құбыр консорциумы — елдегі басты экспорттық бағыттардың бірі.

  • Қазақстан мұнайының 80%-ы КТК арқылы экспортталады;

  • Құбыр инфрақұрылымындағы кез келген қауіп — елдің мұнай кірісі мен бюджет түсімдеріне тікелей әсер етеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *