Caspian News, 26 қараша. Алматыда Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») қатысты апелляциялық сот талқылауы аяқталды. Сот алқасы бірінші инстанция шығарған үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, 2025 жылдың қаңтарында Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды деп, адам ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру бойынша кінәлі деп танылған. Сонымен қатар оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға және әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынған.
Апелляциялық инстанция Қайрат Құдайберген мен ҰҚК-ның бұрынғы қызметкері Руслан Искаковқа қатысты да алғашқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот материалдарында көрсетілгендей, Жұмагелдиев жетекшілік еткен топтың әрекеті 2016 жылдан бері жүйелі түрде ұйымдасқан түрде жүзеге асқан.








