Caspian News, 24 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында арнайы операциялар жүргізіп, терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген деструктивті діни ағымдардың алты жақтаушысын ұстады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер әлеуметтік желілерде діни сипаттағы шабуылдарды насихаттайтын материалдарды таратып, зайырлы қоғам қағидаларына қарсы үгіт жұмыстарын жүргізген.
ҰҚК таратқан ақпаратқа сай, тінту барысында олардың тұрғылықты мекенжайларынан атыс және суық қарулар, сондай-ақ көп көлемде діни әдебиеттер тәркіленген. Соттың санкциясымен барлық күдіктілер қамауға алынды.
Комитет сонымен бірге таяуда Ақтөбе облысының тұрғыны терроризмге шақырған материалдарды тараткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.
ҰҚК дерегінше, биыл жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекеттер бойынша 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.








