Caspian News, 20 қараша. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Шэньси провинциясында орналасқан Yanchang Petroleum мұнай өңдеу зауыты шикізат көздерін әртараптандыруға кіріскен. Тәулігіне 348 мың баррель мұнай өңдеу қуатына ие кәсіпорын ресейлік мұнайдан біртіндеп бас тартып, оның орнына Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткізілетін шикізат көлемін ұлғайтып отыр.
Сарапшылар бұл өзгерісті Ресейге қарсы халықаралық санкциялардың әсерімен байланыстырады. Осыған орай зауыт қауіп-қатерді азайту үшін жеткізу бағыттарын қайта қарап жатыр.
Қаңтар айына жалпы 3 млн баррель мұнай жеткізу жөнінде келісім жасалған:
-
2 млн баррель Murban (Абу-Даби) — жеткізуші швейцариялық Mercuria трейдері;
-
1 млн баррель CPC Blend (Қазақстан) — мұнай Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы тасымалданады.
Қазақстаннан жеткізілетін CPC Blend қоспасы Қытай нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді.








