Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ-МИЛАН ТІКЕЛЕЙ РЕЙСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Caspian News, 20 қараша. NEOS әуе компаниясы Атырау–Милан бағытындағы алғашқы тікелей рейсін іске қосты. Бұл қадам Қазақстан мен Италия арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, екі ел арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтермек. Енді Атырау өңірінің тұрғындары Еуропаның сән және қаржы орталықтарының бірі — Миланға тікелей ұша алады.

Жаңа рейстің ашылуына Итал–Қазақ Сауда Палатасының (ACIK) президенті Марко Беретта бастамашы болды. Оның айтуынша, Атырау мен Миланның тікелей байланысы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды жандандырады.

Марко Беретта:
«Атырау – Қазақстан мұнай-газ саласының жүрегі. Бұл қаланы Миланмен байланыстыру — бизнес пен инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға үлкен мүмкіндік», — деді ол.

Рейс маусымдық емес, тұрақты форматта орындалатын болады. Бұл бағыт, әсіресе, Атырауда қызмет ететін халықаралық компаниялар қызметкерлері үшін қолайлы болмақ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *