Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН ҚАЛАЙ ШЫҒАМЫЗ?

Caspian News, 19 қараша. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары халықтың нақты табысы ресми статистикадан алшақтап кеткен. Дәл бүгінгі баға – жай көрсеткіш емес, әр отбасының күнделікті сезініп жүрген шындығы.

Үкімет отырысында Премьер-министр инфляцияны төмендету және экономиканың тұрақты өсуі арқылы халықтың әл-ауқаты жақсарады деді. Алайда негізгі сұрақ өзгеріс қашан сезіледі дегенге келіп тіреледі.

Премьердің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың (ӘМАТ) бағасы соңғы екі аптада небәрі 0,1% ғана өскен. Бірақ бұл тізімге кірмейтін тауарлар – ет, қызанақ, қияр, картоп және қызмет көрсету бағасы – айтарлықтай қымбаттап отыр.

Жұманғарин жаңа жыл қарсаңында бағаның «шарықтап кетпейтінін» айтып, бәрі бақылауда деп сендірді. Сонымен қатар, ӘМАТ тізімін кеңейту қарастырылып жатыр:
— еттің бірнеше түрін;
— қияр мен қызанақты
әлеуметтік тауар тізіміне қосу мүмкін.

Министрдің айтуынша, инфляция – халық әл-ауқатын арттырудағы ең үлкен кедергі. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша инфляция 10% өсім көрсеткен.

Ал ең төменгі жалақының (85 000 тг) қашан өсетіні жайлы сұраққа ведомство 2026–2029 жылдарға арналған жаңа бюджетке қарай шешілетінін айтты. Салық пен қаржы реформалары 2026 жылы енгізілмек.

Үкімет нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеміз деп сендіргенімен, халық үшін ең маңыздысы – уәде емес, дүкендегі нақты баға.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *