Caspian News, 18 қараша. Жақында Атырауда резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім оқылды. Сот отырысында үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина осы істің ашылуына тікелей атсалысқан аға тергеушінің еңбегін ерекше атап өтіп, оған қатысты арнайы қаулы шығарды.
Жас маманның ауыр жүгі
Қоғам назарына ілігіп, әлеуметтік желіде оң пікірлерге ие болған ол – Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасындағы аса маңызды істер бойынша аға тергеуші қызметін атқаратын Полиция капитаны Темірхан Қанатұлы Хажмұратов.
-
Жасы 28-де болса да, Темірхан Қанатұлы ең тәжірибелі мамандардың өзі жүрексінетін ауыр қылмыстық істерді тергеуді мойнына алған.
-
Ол әр іске, адам тағдырына бей-жай қарамай, барынша терең әрі әділ тергеу жүргізу арқылы кәсіби шеберлігімен көзге түсіп отыр.
🔍 Қоғамды дүр сілкіндірген істер:
Соңғы жылдары қоғамда үлкен резонанс тудырған бірнеше ауыр қылмыстық істің ашылуы Темірхан Хажмұратовтың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Олардың қатарында:
-
Яна Легкодимова ісі (соңғы үкім оқылған аты шулы қылмыс).
-
Құлсарыдағы бүлдіршінді зорлау және өлтіру ісі.
-
«Французский кварталдағы» әйел адамның өлімі және тағы да бірқатар ауыр қылмыс.
🏅 Судья тарапынан марапатқа ұсыныс
Бүгінгі сот отырысында судья Зарема Хамидуллина жас тергеушінің қызметін ресми түрде атап, жеке қаулы шығару арқылы оны марапаттауға ұсыныс енгізді.
Бұл білікті маманның жас болса да ауыр психологиялық жүктемеге қарамастан, қызметін мінсіз атқарып жүргенін көрсетеді және құқық қорғау саласындағы нағыз кәсіби шеберліктің үлгісі болып табылады.
👨👩👧👦 Жеке өмірі:
Темірхан Қанатұлы – екі қызды тәрбиелеп отырған үлгілі әке.
Қоғамдық мүдде үшін аянбай еңбек етіп жүрген полиция капитаны Хажмұратов Темірхан Қанатұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғары марапатына лайық мамандардың бірі. Қоғам мұндай мамандарды танып, бағалауы тиіс.
Атырау облысы Полиция департаментінің басшылығы жас тергеушінің еңбегін назардан тыс қалдырмайды деп сенеміз.







