Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН 2,3 ТРЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Caspian News, 13 қараша. Атырау облысында экологиялық заңнаманы бұзған ірі кәсіпорындар биыл 2,3 трлн теңгеден астам айыппұл төлеген. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерлан Есенов «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы экология жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында мәлімдеді.

Айыппұл салынған кәсіпорындардың қатарында:
🔹 «ANACO»,
🔹 «Karabatan Utility Solutions»,
🔹 «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC),
🔹 «Тенгизшевройл»,
🔹 ТОО «Атырау мұнай өңдеу зауыты»,
🔹 «Эмбамунайгаз» АҚ бар.

Тексеру барысында топырақтың ластануы, рұқсатсыз шығарындылар, мұнай мен газдың төгілуі, сондай-ақ экологиялық талаптардың сақталмауы сияқты заңбұзушылықтар анықталған.

Ерлан Есеновтың айтуынша, 2024 жылға эмиссияға бөлінген лимит 281,7 мың тонна, ал 2025 жылға 269,6 мың тонна болып бекітілген.

«Жалпы, облыс бойынша шығарындылар көлемі 4,18 тоннаға азайды. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне “Атырау жылу электр орталығы”, “West Dala”, “Ap-Nafta” және басқа да кәсіпорындардың қызметі әсер етті», — деді ол.

Кеңесте сондай-ақ қыркүйек айында орын алған ағынды сулардың мұнай өнімдеріне ұқсас заттармен ластану оқиғасы да қаралды. Бұл жағдай су тазарту жүйесіндегі бактериялық тепе-теңдіктің бұзылуына және судың сапасының төмендеуіне әкелген.

КГП «Атырау облысы су арнасы» директорының орынбасары Ғасыржан Лекеровтың айтуынша, осы факті бойынша тиісті мекемелерге — облыстық энергетика және ТКШ басқармасына, экология департаментіне, табиғатты қорғау прокуратурасына және санитарлық қызметке ресми хаттар жолданған.

«Ақауды жою үшін барлық қажетті техника мен қызметкерлер жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары бір ай ішінде толық аяқталды. Бұл іске 71 қызметкер мен кәсіпорынның барлық техникасы тартылды», — деді ол.

Қазіргі уақытта өңірде 83 экологиялық қауіпті бірінші санаттағы кәсіпорын тіркелген. Оның 50%-ы мұнай және газ өндіру саласына, 5%-ы мұнай өңдеу мен газ-химияға, ал 15%-ы қалдықтарды қайта өңдеу және полигон шаруашылығына тиесілі.

Биыл ірі кәсіпорындарға белгіленген эмиссия лимиті 224 мың тоннадан асып отыр, бұл өңір бойынша жалпы шығарындылар көлемінің 90% құрайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *