Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН БИЫЛ КАСПИЙДЕ 18 МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНДІРЕДІ

Caspian News, 6 қараша. Абу-Дабиде өткен кездесуде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен «ExxonMobil» компаниясының аға вице-президенті Питер Ларден Солтүстік Каспий жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.

Кездесу барысында тараптар Кашаган кен орнындағы өндірістік көрсеткіштерге, жобаны уақтылы әрі тиімді іске асыруға, сондай-ақ қазақстандық қамтуды арттыруға ерекше назар аударды.

🔹 2025 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Кашаган кен орнында 13,6 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл жоспарланған 13,4 млн тоннадан жоғары көрсеткіш.
🔹 Жыл қорытындысымен 18,25 миллион тонна мұнай өндіру көзделіп отыр.

Асхат Хасенов атап өткендей, Кашаган – Қазақстан мұнай-газ саласының стратегиялық жобаларының бірі, және оның тұрақты әрі қауіпсіз дамуы ел экономикасының өсуіне тікелей әсер етеді.

Кездесуде сондай-ақ Каспий теңізінің тайыздануы, теңіздегі операциялардың қауіпсіздігі, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және экожүйені қорғау мәселелері де талқыланды.

Тараптар энергетикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және Каспий аймағындағы бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Оқи отырыңыз...

Сириядан қашпақ болған бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілге

5,5 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРАЖАТҚА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

БОЗЖЫРА АЛҚАБЫНДАҒЫ ВИЗИТ-ОРТАЛЫҚ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ