Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

Солтүстік Каспийдегі ӨБК бойынша Қазақстанның үлесін алушы қайта бекітілді

Қазақстан Үкіметі Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) шеңберінде мемлекет атынан үлесті қабылдайтын ұйымды қайта бекітті. Бұл туралы үкіметтің жаңа қаулысында жарияланды.

 

Құжатқа сәйкес, мемлекет атынан үлесті қабылдаушы ретінде «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленді. Компания жер қойнауын пайдаланушы тарапынан табиғи түрде берілетін өнім түріндегі үлесті қабылдап, Қазақстан Республикасының салықтық міндеттемелерін орындауға жауапты болады.

 

Сонымен қатар, Үкіметтің 2017 жылғы 14 ақпандағы №67 және 2018 жылғы 6 сәуірдегі №172 қаулылары өз күшін жойған деп танылды. Жаңа қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс.

 

«PSA» ЖШС — 2010 жылы құрылған мемлекеттік компания. Ол мемлекет атынан ірі мұнай-газ жобаларындағы өнімді бөлу туралы келісімдерді басқару және бақылау функцияларын орындайды. Компанияның 100% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі, ал басқару және келісімдер бойынша уәкілетті өкілеттіктер Энергетика министрлігіне берілген.

 

«PSA» ЖШС еліміздің мүддесін Кашаган мен Қарашығанақ сияқты стратегиялық жобаларда қорғайды және мемлекет үлесін өнім мен табыс түрінде қабылдайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *