Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ГРАНД БАЛ ӨТТІ

Атырауда алғаш рет Гранд бал өтті. Мұндай қайырымдылық балы Қазақстанда биыл осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Шара бұған дейін Орал, Шымкент және Қызылорда қалаларында өткен болатын. Биылғы балдың ерекшелігі – оның қатысушыларында болды. Мұқият іріктеуден өткен 150 дебютант полонез, кадриль, қазақ вальсі мен өзге де белгілі билерді орындады.

Айта кетейік, Ерлан Қазиев жақында ғана Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен пара азия ойындарында үстел теннисінен чемпион атанған еді. Ал, қайырымдылық кешінде ол өзін тағы бір қырынан танытты.

Ұйымдастырушылар 15 000 теңгеден сатылған билеттен түскен қаржының бәрін Ерлан Күмісқалиев жетекшілік ететін “Атырау. Маленькая страна” қайырымдылық қорының есепшотына аударамыз деп отыр. Бұл орталық Даун синдромы мен аутизмге, сондай-ақ, ми және омыртқа және жұлын миы ауруларына шалдыққан балаларды емдеумен, оларға көмек көрсетумен айналысады.

Жиналған қаржы көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Бұл қаражат ерекше балалардың өздігінен оқып, білім алуларына, шығармашылықпен айналысуларына және арнайы бағдарлама бойынша денсаулықтарын нығайтуды көздейтін қалашықтың құрылысына жұмсалатын болады. Айта кетейік, мұндай қалашық әлем бойынша Ұлыбритания мен Мәскеуде ғана бар.

 

Оқи отырыңыз...

«АМӨЗ» ЖШС СУДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖОЛМЕН ТАЗАРТАТЫН ҚОНДЫРҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

«НҰРЛЫ ЖЕР»: МЕМЛЕКЕТ ЖАЛҒА БЕРГЕН ҮЙЛЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕК

ГЛАЗНАЯ КЛИНИКА «EASY VISION» ОТКРЫЛАСЬ В АТЫРАУ