Басты ақпаратЖаңалықтар

Х.ЕРҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ СУ ТАЗАРТУ-ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылындағы су тазарту- тарату жүйесі күрделі жөндеуден өткізілді. Мұнда су жинайтын мұнара, ауыл ішіндегі құдықтардағы өрт гидранттары мен ысырмасы ауыстырылған. Сондай-ақ ғимарат жаңартылған және бетоннан тұрғызылған қоршау да ішнара жөнделіпті. Бұл жұмыс үшін 188 651,4 мың теңге жұмсалған. Қазір жаңғыртылған нысан Қамысқала ауылдық округіндегі 680 үйді таза ауыз сумен қамтамасыз етіп тұр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *