Соңғы алты жылда еліміздің 10 өңірінде көпбалалы аналар арасында өлім-жітім көбейген. Салдарынан 97 бала тірі жетім болып қалды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының Атырауға жұмыс сапары аясында мемлекеттік орган өкілдері және сарапшылармен кездесуі барысында айтылды. Елімізде жыл сайын орта есеппен 350 мыңға жуық әйел жүктілік бойынша есепке алынады. Оның 99 пайызы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Ал 1 пайызы, яғни, 3500 әйел дәрігерлердің қарауынан тыс қалады. Бүгінде кесір тілігіне жүгінетіндер де аз емес. Кейде бұл тәсілді дәрігерлердің өздері науқастарға ұсынатын көрінеді. Өйткені бұл әдісті қолдану арқылы босандыру перниталдық орталыққа қомақты қаражаттың бөлінуіне себеп болады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0