Атырауда Ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Аялы әже» эстафетасы ұйымдастырылып, дәстүрлі мүсін Маңғыстау облысының өкіліне табысталды. Салтанатты жиынға «Хиуаз» әжелер клубы мен «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығының «Инабат» аналар алқасы және Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында өткен іс-шарада қала-аудандардағы ардагерлер ұйымдарының жанынан құрылған әжелер алқасының көптеген танымдық-тәрбиелік жұмысты жасап отырғандығы айтылды. Және Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің жетекшісі Мұрат Өтешов маңғыстаулық әріптесіне естелік төсбелгі тақса, музей директоры Мұхамбетқали Кипиев музей қорындағы жәдігерлер коллекциясы жинақталған 5-томдық ғылыми кітапты тарту етті.

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0