Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУДА ЖАУҒАН ҚАР ҚЫЗҒЫЛТ РЕҢГЕ БОЯЛДЫ

Ақтауда жапалақтап жауған қар қызғылт реңге боялды. Нақтырақ айтқанда бұл көріністі әсіресе Каспий теңізінің жағалауынан байқауға болады. Тұрғындар мұндай құбылысты өмірде бірінші рет көріп отырмыз дегенді айтады. Ал экологтар болса, мұның таң қалатын түгі жоқ, бар болғаны оптикалық иллюзия дейді. Яғни жауған қар балдырлардың үстіне түсіп, жарықпен шағылысқанда осындай реңк береді. Маңғыстауда қыс бойы жөнді қар жаумаған еді. Енді синоптиктер әлі бір апта қалың қар жауады деп болжап отыр. Қазір республикалық маңызы бар және ауданаралық жолдар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабылған. «Ақтау-Жаңаөзен» бағытындағы жолдың жабылуына байланысты жүргізушілер наразылық білдіріп, ақыры полицейлер 10 көлікті кибер шериф жүйесі бар арнайы машинамен діттеген жеріне жеткізіп салды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *