Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Орманшылар күні қарсаңында, Индер аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме жаңа ғимаратқа көшті. Салтанатты шара барысында кіші аяқ доптан турнир ұйымдастырылып, Қалам Есқалиев атындағы орта мектепке 60 түп үйеңкі көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, ауданның орман шаруашылығына айтарлықтай еңбек сіңірген бірқатар қызметкер облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, аталған мекеменің тарихы өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан басталады. Кезінде Батыс Қазақстан облысына қарасты Тайпақ ауданына қарасты болып, кейін бөлініп шыққан. Мекеме келесі жылы 70 жылдығын атап өтпек.

Оқи отырыңыз...

Бергей Рысқалиевтің анасы өмірден озды

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

ИРЕКЛІ СУ ҚОЙМАСЫНАН ЖІБЕРІЛЕТІН СУ КӨЛЕМІ СӘЛ ДЕ БОЛСА АЗАЙДЫ