Атырауда «Каспиймұнайгаз» АҚ-ы жанындағы диалог алаңының мүшелері және «Силлено» компаниясының өкілдері полимер шикізатынан өнім шығаратын бірқатар кәсіпорынды аралады. Олар алдымен «Гранд-Материк» серіктестігінің жұмысымен танысты. Бүгінде кәсіпорынның қуаты жылына 5 мың тонна полимерлі өнімді орауға арналған FFS қаптар шығаруға шақталған. Жабдықтары Түркиядан, ал электронды құрылғылары жетекші неміс компаниясы Райфенхаузерге тиесілі. Жоспар бойынша өндіріс орны жыл соңына дейін іске қосылмақшы. Сол кезде 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0