Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

«ҰЯ» — АНАЛАР ҮШІН

Атырауда «Ұмтылыс» қоғамдық қорының жанынан алғаш рет «Ұя» деп аталатын аналар клубы ашылды. Мұндағы басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жан-жақты қолдау көрсету, көмек беру, олардың бір-бірімен танысып, пікір алмасуларына мүмкіндік беру болып табылады. Клубқа мүгедек баласы бар кез-келген ата-ана мүше болуға құқығы бар. Олар мұнда психолог-заңгер және диетолог секілді мамандардың кеңестеріне жүгіне алады. Сондай-ақ, аналардың өз қалаулары бойынша йога мен би үйірмелеріне де қатысуларына болады. Айта кетейік, бұл қызметтің барлығы оларға тегін көрсетіледі.

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУЛЫҚ 40 ОҚУШЫ iQANAT ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА АТТАНДЫ

КТО ЗАПЛАТИТ ЗА ВОЗВЕДЕНИЕ ЗЕМЛЯНЫХ ВАЛОВ?

Су тасқынына дайындық: Су қоймаларындағы деңгей бақылауда