Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«ҚҰРМАНҒАЗЫ-АТЫРАУ» БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОБУС БИЛЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ШУ ШЫҚТЫ

Бүгінде құрманғазылықтардың автобус арқылы қалаға жетуі қиын болып тұр. Бұл сөзімізге әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазба дәлел. Онлайн билет тек «Атырау-Құрманғазы» бағытына ғана сатылады. Ал ауданнан қалаға бару үшін тұрғындар билетті жүргізушіден қолма-қол сатып алуға мәжбүр. Автобусқа таласқан жұрт бір-бірін баса көктеп әлек. Бұдан бөлек мұнда диспетчерлік орталық та қарастырылмаған. Суықта бүрсең қаққан құрманғазылықтар қоғамдық көлікті сағаттап күтетіні тағы бар. Осы орайда, төзімі сарқылған аудан халқы жергілікті әкімдік пен жауапты мекеме өкілдерінен аталған проблеманы тез шешіп беруін талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз...

ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛАТЫН МҰНАЙДЫҢ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

ПОЛЕТЕЛА КРЫША (видео)

Атырауда үй өртеніп, бес адамды күйік шалды