Жаңа жыл қарсаңында «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облыстық филиалының қызметкерлері өңірдегі республикалық маңызы бар 880 шақырым күре жолға қысқы күтіп-ұстау жұмысын жүргізді. Атап айтқанда, «Атырау-Орал», «Атырау-Сағыз», «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Доссор-Құлсары» бағытындағы автожолдарға көктайғаққа қарсы инертті материалдар себіліп, жол жиегіндегі және аялдамалардағы қоқыстар тазартылды. Оған 38 техника мен 130-дан астам адам жұмылдырылды. Бүгінде құм мен ұнтақтың 8 мың текше метрі дайындалып, оның шамамен 35-40 пайызы жаратылған. Ал «Атырау-Астрахань» жолындағы қосалқы жұмыс алдағы күз мезгіліне қарай аяқталады, дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Атырау облысы филиалының директоры Серік Керимкулов.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0