Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ОРЫНБАСАРЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті енді осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған Нұрлан Таубаев атқармақ. Ол тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылық және құрылыс саласына жетекшілік ететін болады.

Нұрлан Таубаев 42 жаста. Еңбек жолын 90-шы жылдары кәсіпкер ретінде бастаған. Кейін қалалық әкімдіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы болды. Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне де басшылық етті.

Айта кетейік, 2017-ші жылдың наурыз айынан бері Атырау облысы әкімінің орынсабасары қызметін атқарған Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ өз қалауы бойынша жұмыстан босатылды.

 

Оқи отырыңыз...

АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ОЙЛАРЫН АЙТТЫ

ИНДЕРДЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ФАСИЛИТАЦИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ