Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР МОСКВАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ГРАН-ПРИ ИЕЛЕНДІ

Мәскеуде «КТК — талантты балаларға» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестивалі өтіп, оған маусым айында Атырау қаласында өткен Jas Tolqyn жас таланттар байқауының жеңімпаздары қатысты. Алдымен, балалар ВДНХ-дағы Қазақстан павильонында концерт қойып, өздерінің өнерімен көрерменді баурап алды. Және фестиваль аясында конкурсанттар үш күн бойы вокал, хореография, классикалық және халық аспаптары бойынша Ресейдің үздік мәдениет қайраткерлері өткізген шеберлік сабағынна қатысты және Мәскеудің көрікті жерлерін тамашалады. Фестивальде қазақстандық конкурсанттың бәрі де жүлделі орынға ие болды. Гран-при «Телқоныр» халық ансамбліне, «Жем аруы» би ұжымына және Айбар Санбаевқа бұйырды. Бірінші орынды «Presto» ішекті аспаптар ансамблі, Әлішер Өміржан, Жарқынай Жолдасқали, Ұлдана Санақбай, Нұрлы Мұстафа және Фариза Құдайберген иеленді. Ал күміс жүлдені вокалист Ақылбек Бисенбаев жеңіп алды.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

Маңғыстау әкімі қаланы безендіруге 30 миллион теңге жұмсамақ

ҚАЗАҚСТАН 2027 ЖЫЛЫ «БАЙҚОҢЫРДЫ» ЖАЛҒА БЕРГЕНІ ҮШІН РЕСЕЙДЕН 6,9 МЛРД ТЕҢГЕГЕ АЗ АЛУЫ МҮМКІН

РЕЖИССЕРЛАР МЕН СЦЕНОГРАФТАРДЫҢ ФЕСТИВАЛЬ-ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ