Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ТОҚСАН САЙЫН ӨЗГЕРТУ ЕНГІЗІЛЕТІН «ПОШТА ТУРАЛЫ ЗАҢ» ҮКІМЕТТЕ ТАҒЫ ҚАРАЛДЫ

Тоқсан сайын өзгеріс енгізілетін «Пошта туралы заң» үкіметтің бүгінгі отырысында тағы қаралды. Соның бірқатарына тоқталсақ. Мысалы, сәлемдемені жеткізу тәртібі өзгереді. Цифрлық технологияның арқасында PIN-код немесе QR болса, үшінші тұлға поштаны ала алады. Сонымен қатар маркетплейстерден пошта бөлімшесіне және үйге жеткізу жеңілдейді. Поштаматтарды орналастыру және пайдалану тәртібі қарастырылған, бұл — оларды кондоминиум нысандарында орналастыру үшін қажет. Бірақ кей қызмет алынып тасталады. Мысалы, пошта картасын, бандероль жіберу секілді. Сұрауы жоқ корреспонденцияны сақтау мерзімі қысқармақ. Заңға өзгеріс, түзету енгізуге мәжілісмендердің өздері бастамашы болған. Бірақ депутат Абзал Құспан неге мұның бәрі заң о баста қабылданғанда қарастырылмады деп, жауапты орындарды сынға алды.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

Атырау облыстық перинаталдық орталығында қайтыс болған келіншектің сәбиі аман қалды (видео)

В Атырау участились случаи несанкционированного слива в городскую канализацию

Қайтыс болған адамның несиесін кім өтеуі керек?