Атырауда PetroEngineering-2024 дөңгелек үстелі өтті. «Жобалау жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді локализациялау» тақырыбында өткен жиынға мұнай-газ саласындағы 130-дан астам компания қатысты. Басқосуда ірі операторлар мен ұлттық компаниялардың жоспары, жаңа жобалары талқыланды. Ауқымды іс-шараны «Атамекен» ҰКП және PetroMining қауымдастығының қолдауымен Petrocouncil кеңесі ұйымдастырып отыр.
