Басты ақпаратЖаңалықтар

СЕНАТОРЛАР КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІН 60 МЛРД. ТГ КӨБЕЙТУГЕ КЕЛІСТІ

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт» туралы заңды қарап, мақұлдады. Құжатқа көз салсақ, мемлекеттік міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығысты қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 2025, 2026 және 2027 жылы республикалық бюджетке 2 трлн теңге алынады, -деп хабарлайды сенаттың баспаөз қызметі. Атап айтсақ, 2025-жылы – 25 750 млрд, 2026-жылы – 23 168 млрд теңге және 2027-жылы 24 566 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік беретін көрінеді. Қосымша шығын ауыз су мен газ, жылу жүйесін, электр энергиясы мен көлік инфрақұрылымын және аймақтарды дамытуға, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға жұмсалмақ.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *