«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжымалы көрме Атырауға жеткізілді. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 300-ге жуық экспонатты атыраулықтардың назарына ұсынды. Мұнда құнды жәдігерлер қатарында садақ және қорамсақ, қамшының сүйектен жасалған сабы, әшекей-бұйым, ат әбзелінің үлгілері бар. Көрмені өткізудегі басты мақсатымыз – 2019-жылы қазба жұмысы кезінде табылған, ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпелілердің элиталық археологиялық жәдігерлерді кеңінен насихаттау және тарихшылардың сармат тайпалары мәдениетін зерттеудегі жетістікті көпшілікке жеткізу дейді ұйымдастырушылар.
