Қала прокурорлары Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесті. Жиынға құзырлы органдар, ардагер ұстаздар, мәдениет, спорт саласының өкілдері және 100-ге жуық студент қатысты. Прокурорлар есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары, оларды тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері, кәмелетке толмағандардың арасында аса ауыр қылмыстың белең алуы тақырыбында сөз сөйледі. Жиналғандардың басым көпшілігі өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Солардың бірі – Мәди Шарапов. Оның идеясына прокуратура өкілдері қызығушылық танытқан.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0