Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Ақтауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Еңбек күні мерекесіне орай Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған. Мұнда 36 жұмыс беруші 133 вакансия ұсынды. Көбіне электромонтажник, автослесарь, жүргізуші, тігінші, тәрбиеші, әскери маман, аспаз, сатушы, мұғалім сынды мамандық сұранысқа ие. Ұйымдастырушылар болса, іс-шараның басты мақсаты — оқуын әлдеқашан аяқтаған жастарға жұмыс тауып беру екенін айтады.

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚҰРУҒА 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК СЫЙ: ЖАНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНІҢ БІРІНДЕ ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІССАПАРМЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ