Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА 800 ПӘТЕРДІҢ ТҰРҒЫНЫ 10 АЙДАН БЕРІ СУСЫЗ ОТЫР

Нұрсая ықшам ауданындағы «Нью сити» тұрғын үй кешенінің 4 мыңға жуық тұрғыны 10 айдан бері суға жарымай отыр. Олар шай қайнатып, тамақ пісіруге қажетті тіршілік нәрін тасып ішіп отырғанын айтпағанда, жуыну үшін тума-туыс, дос-жаран үйін жағалап кеткен. Өйткені су құбыры жиі жарылып, жұрт қатарлы тіршілік етуге мүмкіндік бермей отыр. Тұрғындар «Атырау облысы Су арнасы» мекемесінің қызметкерлерінің күн сайын келіп қысымды қолмен реттеп кететінін айтады. Өйткені мұндағы үш насостың екеуі істен шыққан. Дұрысын айтқанда айнымалы тоқтың жиілігін реттейтін құрылғысы жанып кетіп тұр.

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *