Биыл Қызылқоға ауданының тұрғындары табиғи газ және ауыз сумен толық қамтылмақ. Нақтырақ айтқанда, табиғи газ Сарқұмақ, Тасқұдық, Соркөл, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді мекеніне қараша айында, су құбыры Соркөл, Сарқұмақ, Қоғам, Тасқұдық, Аққора, Қоңыраулы, Былқылдақты, Кенбай, Қоныстану елдімекеніне жыл соңына дейін тартылмақ. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің тұрғындармен кездесуінде айтылды. Өңір басшысының сөзіне қарағанда биыл ауданда елеулі өзгеріс болып, бірнеше нысан бой көтермек. Атап айтқанда, Сағыз ауылында 600 орындық мектептің құрылысы басталса, өрт сөндіру депосы мен 60 үйдің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, 8 ауылда 11 ашық спорт алаңы салынып, Миялы ауылындағы орталық демалыс саябағының құрылысы қолға алынбақ. Тайсойған ауылына дейін де тақтайдай тегіс жол түскелі тұр.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0