Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУДА «САЛАУАТТЫ САНА» КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ақтауда алғаш рет «Салауатты сана» кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында құрылған. Кездесуге жергілікті атқарушы орган өкілдерінен бөлек, Қазақстан Республикасы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи қатысты.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Нұрдәулет Қиылбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттердің маңыздылығын сөз етті.  Бұдан бөлек отырыста қазіргі қоғамның дертіне айналған нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, ысырапшылдық туралы да айтылып, кеңес мүшелері оны түп-тамырымен жою үшін жұмыстанған жөн деді.

БҰҰ дерегіне қарасақ, өткен жылы Қазақстан тыйым салынған заттарды тұтынудан әлемдегі алғашқы ондыққа енді. «Бұған қоса, өңірде вандализм –өршіп тұр. Оған дәлел көрікті жерлерді бұзақылар бүлдіріп кетіп жатыр, -деді облыс әкімі.  Ол сөз соңында ұлағатты ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған  «Салауатты сана» жобасын ойдағыдай, нәтижелі түрде жүзеге асыруды басқарма басшыларына тапсырды

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *