Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУДА БІР ЖАСАР СӘБИ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛҒЫРТТЫҒЫНАН КӨЗ ЖҰМҒАН

 

Ақтауда сәбиінен айырылған ата-ана дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, баласының өліміне медициналық қызметкерлердің жұмысына салғырт қарауы себеп. Яғни, ақ халаттылар дұрыс диагноз қоя алмай, бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Осыдан бірнеше ай бұрын бір жасар Абдулла есімді бөбектің дене қызуы түспей, ата-анасы жұқпалы аурулар ауруханасына жүгініпті. Мамандар балаға ыстықты түсіретін дәрі беріп, үйіне қайтарып жіберген.

Әкесі дәрігерлерге ұлын Астананың медициналық орталықтарына ауыстыру туралы өтініш білдірген. Бірақ, олар оған құлақ аспапты. Салдарынан 10 мамыр күні Абдулла аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, бір күннен кейін қайтыс болған.

 Сәбидің өлім туралы қорытындысында сепсистен қайтыс болды деп жазылған. Ал Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі дәрігерлер кішкентайды мұқият қадағалау керек еді,-дейді.

Бала ажал құшқаннан кейін денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық қызмет көрсету департаментінің өкілдері тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, бас дәрігер мен сәбидің еміне жауапты болған екі дәрігерге қатаң сөгіс жариялапты. «Дегенмен, бұл әділетсіз. Заң жүзінде жауапқа тартылсын»,-дейді Абдулланың ата-анасы.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы енді әділдікке жетпей қоймаймыз деп бекініп отыр.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *