Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА БЫЛТЫР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН БӨЛІНГЕН 4,9 МЛРД. ТЕҢГЕ ИГЕРІЛМЕЙ ҚАЛҒАН

 

Атырауда бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде алдымен өңірдің кәсіпкерлік саласының дамуына бөлінген мемлекеттік қаржының игерілуі айтылды. Нақтылағанда, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асып жатқан «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына 2024 жылы бюджеттен 11,8 млрд. теңге бөлініп, 700-ден астам жоба субсидияланған. Ал «Бизнес аймақ» өңірлік бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру үшін жергілікті бюджеттен 480 млн. теңге бөлініп, 23 жоба қолдау тауып, 17 жұмыс орны құрылыпты. Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты бизнестері зардап шеккен 300-ден астам атыраулық кәсіпкер мемлекеттен қолдау тапқан. Оларға 3 млрд. теңгеден аса қаржы төленген. Сондай-ақ, жиында 2023 жыл бойынша облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Бұл ретте, былтыр Атырауға республикалық қазынадан 72 млрд. теңгеге жуық қаржы аударылғанымен, оның 4,9 млрд. теңгесі игерілмей қалған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *