Басты ақпаратЖаңалықтар

«Мектепке жол — 2024» акциясы басталды

Caspian Life, 16 тамыз. Жаңа оқу жылына орай дәстүрлі «Мектепке жол-2024» акциясы басталды. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жәрмеңке «Дина» базарында өтіп жатыр. Мұнда ата-аналар оқу құралдары мен киімдерді қолжетімді бағада сатып ала алады. Бұл әсіресе, көпбалалы жанұяларға тиімді дейді ұйымдастырушылар.

 Алтынай ЕРУБАЕВА, Атырау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары

— Қол жетімді баға Дина базарында көтерме тасымалдаушының өздерінің үлкен қоймалары бар, сондықтан оларға қазіргі уақытта размерін, мөлшерін,көлемін алып келіп ұсынуға қолайлы сондықтан біз Дина орталығына жасап отырмыз.Бұл акцияға 45 кәсіпкер ұсыныс беріп қатысып отыр.Алайда тағыда кәсіпкерлер қатысам дегендер өзінің бағасын ұсынады.Яғни осындай бағамен ұсынып қатысуға мүмкіншілік бар.

 Жәрмеңкедегі жейделердің бағасы 2500 теңгеден басталса, сөмкелерді 3000 теңгеге табуға болады. Сондай-ақ, спорттық киімдер де жоқ емес.

Бұл акция 31 тамызға дейін жалғасады.

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *