Басты ақпаратЖаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА ЖАТАҚХАНА ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Биыл облыста жатақхана тапшылығы болмайды. Дейді облыстық білім беру басқармасының өкілдері. Олардың сөзіне қарағанда облыс орталығындағы екі бірдей жоғары оқу орнының жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын. Мысалы Сафи Өтебаев атындғы Атырау мұнай және газ университетіне тиесілі студенттерге арналған екі бірдей жатақхана биыл жөндеуден өткен. Жалпы орын саны 376. Өткен жылы мұнда 256 студент орналасыпты. Ал қалған бос орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері жайғасқан. Аталған оқу орнының балансында 3 жатақхана бар. Бірақ біреуі былтыр апатты деп танылғандықтан, ондағы студенттер биыл басқа жерлерде тұрады. Студенттер жатақханаға 25-30 тамыз аралығында орналаса бастайды, ең бірінші кезекте осал топтан шыққандар қамтылады.

Толығырақ

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *