Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА 37 ПАЙЫЗ ДАЙЫН

Оралдағы жылу желілерінің тозуы жылға 50,4% құрайды. Қауіптің алдын алу үшін шағын шаһарда инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 340 мыңнан аса халқы бар облыс орталығының жылу желісінде өткен жылыту маусымында айтарлықтай қауіпті апат болмаған. Ғимарат ішіндегі құбырлардың тарылып, бітелуі тәрізді ұсақ-түйек ақаулар ғана тіркеліпті. Алайда оның бәрі тұтынушыларды желіден ағытпай-ақ жөнделген. Қалада жылыту маусымына дайындау штабы құрылып отыр. Бүгінгі таңда ЖЭО бойынша жөндеу жұмыстарын орындаудың жалпы пайызы 63%, 130,7 млн теңгені құрайды. Орал қаласы бойынша 1210 үйдің 444-і немесе 37%-ы дайын. Қосалқы жабдық бойынша жұмыстардың орындалуы- 61%, құрайды. Әлеуметтік нысандар жылыту маусымын ерте бастайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Оқи отырыңыз...

ТҮСКІ ЕКІГЕ ДЕЙІН МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАРДЫҢ 53,14% ДАУЫС БЕРГЕН

Атыраулық полицейлер әлеуметтік желіде алаяқтық дерегі анықталған парақшаларды жариялады

ТЕККЕ КЕТКЕН МИЛЛИАРДТАР немесе КАНАЛДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙЫ (видео)