Талапкерлер үшін тағы бір мүмкіндік. Биыл мемлекеттік грантқа ілікпей қалған абитуриенттер мен колледж түлектері үшін облыс әкімінің 127 гранты бөлінді. Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасы хабарлады. Құжаттар тамыздың 5-10 аралығында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қабылданады. Аталған конкурсқа қатысу үшін мектеп бітіруші түлектің міндетті түрде мамыр-маусым айларында тапсырған ҰБТ-ның шектік балы бар сертификаты болуы керек.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0