Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Тергеу материалдарына сенсек, экс-басшы 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушіге кепілдік мерзімі өтпесе де зауыт бюджетінен негізсіз ақша бөлдірген. Атап айтқанда, Досмұратов технологиялық жабдықты жөндеу қажет деп, құны 1,9 млрд теңге болатын келісім-шарт жасасты деген күдікке ілініп отыр. Биыл наурыз айында үйқамаққа алынған ол «қызметтік өкілін теріс пайдаланып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірді» делінген агенттік таратқан ресми мәлімдемеде.
