Литва мемлекеті Транкаспий халықаралық транспорттық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы көлемін арттыру жолын қарастыруда. Екі елдің ірі-ірі деген теміржол және автокөлік арқылы тасымалдаушылары бұл бағытқа қызығушылық танытып отыр. Жыл басынан бері Ақтау мен Құрық теңіз портынан орта дәліз арқылы тасымалданған жүк көлемі 15 пайызға көбейген. Құрық портында жүк көліктерінің өтуі 34 пайызға, ал Ақтау порты арқылы өтетін контейнерлердің көлемі 27 пайызға артыпты. 2025 жылы Құрық портында теңіз түбін тереңдету жоспарланып отыр. Литваның логистикалық компаниялары үшін Қазақстанмен серіктес болу үлкен жұмысты қажет етуі мүмкін. Дегенмен, бизнес өкілдері кәсіпті ары қарай дамыту үшін тәуекелге бел байлап отыр.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0