Басты ақпаратЖаңалықтар

АСТАНАДА ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Астанада шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының кеңесі өтті. Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Жиын кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ұйымның достық, тату көршілік, тең құқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастың тиімді тетігіне айналғанын айтты. Түстен кейін мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты. Жиын барысында ел президенті ұйым мүшелерінің арасындағы тауарлық-экономикалық қарым-қатынасқа тоқталып, санкциялық қақтығыс әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіреді, одан әрі даму перспективасының аясын тарылтады деді.

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *