Кез-келген заманауи кәсіпорын өзінен шыққан тамақ қалдығын пайдаға жарата бермейді. Қоршаған ортаның қамын ойлап, экологияға мән беру өндіріс орындарының алдында тұрған үлкен міндеттің бірі екені белгілі. Осындай жауапкершілікті сезініп жүрген компанияның бірі — KPI. Кәсіпорын маусым айынан бастап зауыттан шыққан тамақ қалдығын «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігіне жеткізіп отыр. 6 айда зауыт асханасынан 17,62 тонна тамақ қалдығы шыққан. Оның 1 тоннасы әлеуметтік қалашыққа жіберілді. KPI ЖШС қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші инженерінің айтуынша, кәсіпорын экологиялық заңнаманы негізге ала отырып, тамақ қалдығы термиялық өңдеуге, арнайы қалдықты қабылдау және өңдеуге лицензиясы бар мекемеге тапсырылып отырады.
Толығырақ бейнематериалда