Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 116 КӘСІПКЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен 116 шағын және орта кәсіп иесіне 1 миллиард теңгеден астам өтемақы тағайындалды. Бұл туралы Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Саттығұл Сабыров мәлімдеді. Жалпы Атырау аймағында 300-ден астам кәсіпкер өр суынан зардап шеккен. Оларға келген шығын көлемі 4 миллиард теңгеден асады. Сондай-ақ, басқарма өкілінің мәліметінше, биыл бизнеске қолдау көрсету мақсатында бюджеттен 11,8 миллиард теңге бөлініп, 400-ге жуық жоба қаржыландырылыпты. Осылайша, жыл соңына дейін 1000 жобаға көмек көрсетуді жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз...

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ АҚТАУҒА КЕЛДІ

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН 60 % ДЕЙІН ҚЫМБАТТАТҚАН