Басты ақпаратЖаңалықтар

NCOC СТ-KZ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ КОНТЕЙНЕРЛЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Маңғыстау облысында Қазақстанда жасалған және СТ-КZ стандартына сай келетін сертификатталған шағын жинақты модульдің техникалық бөлмелерін тапсыру рәсімі өтті. Бұл контейнерлер «Болашақ» зауытынан Qazaqgaz компаниясының жаңа газ өңдеу зауытына дейінгі ұзындығы 15 шақырым болатын желілік ысырма торапты қамтиды. Техникалық бөлмелерді Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясының тапсырысына сәйкес KIOS Techflow (КИОС Текфлоу) мен KCOI(КиСИОАй) мекемесі дайындаған. NCOC әлемдік деңгейдегі тауар мен қызметтердің жоғары сапасын талап ететін Қашаған кен орнын игеруде. Шағын жинақты модульдер Қазақстанда алғаш рет жасалған. Жергілікті қамту үлесі – 63,1%. Жобаны әзірлеуші KIOS Techflow (КИОС Текфлоу) компанияның жұмысы сәтті шықты деуге болады. Техникалық контейнерлер NCOC-дың жобаларына қойылған барлық талапқа сәйкес келіп отыр.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *