Басты ақпаратЖаңалықтар

JAS TOLQYN ӨҢІРЛІК ЖАС ТАЛАНТТАР БАЙҚАУЫ БИЫЛ 1200 БАЛА ҚАМТЫДЫ

«Jas tolqyn – 2024: жаңа есім, жаңа жетістік, жаңа жұлдыз». Елімізден шыққан қара алтынды экспорттаумен айналысатын Каспий Құбыр консорциумы еліміздің батысында тұратын кішкентай өнерпаздарды қолдап, олардың жұлдызын жағу мақсатында қолға алған «Жас толқын» байқауы биыл 5-рет ұйымдастырылуда. Осы жылы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе мен БҚО-нан 1200 бала «Хореография», «Вокал», «Аспаптық жанр», «Дәстүрлі ән өнері» мен «Көркемсөз» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, 350-і іріктеліп шықты. Олар екі күн бойы финалда бақ сынады. Өнерпаздарға еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, халық әртістері, қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары мен оқытушыларынан құралған қазылар алқасы баға беріп, жүзден жүйрікті анықтады. Бірнеше жылдан бері осы байқауға төрелік етіп жүрген кәсіби мамандардың айтуынша, өнерпаздардың репертуары жылдан жылға өзгеріп келеді. Әртіс ретінде образдарына да аса мән беретін болған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *