Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

НҰРСАЯДАҒЫ КОНЦЕРТ ЗАЛЫ МЕН МОНШАНЫ БҰЗУ ҮШІН 466 МЛН.ТГ БӨЛІНДІ

Бұл 2025 жылы Атырауда бой көтеретін концерт залы мен тарихи өлкетану мұражайының жобасы. 1200 орындық мәдени орын мен тарихи-өлкетану музейінің және домбыра мүсінінің құрылысы «Нұрсая» ықшам ауданындағы 12 жыл бұрын тұралап қалған киноконцерт залы мен моншаның орнына салынбақ. Қайта жөндеуге жарамсыз қос ғимарат қазір бұзылып, учаскесі біріктіріліп жатыр. Ол үшін жергілікті бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Ал, құрылысқа қажетті қаржы көлемі жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады дейді әкімдік өкілі. Ескі нысандар қараша айына дейін бұзылып болуы тиіс.

Оқи отырыңыз...

ТӘРКІЛЕНГЕН ЗАТТАРДЫ АУКЦИОН АРҚЫЛЫ АРЗАН БАҒАДА САТЫП АЛ!

Атырауда «Lada Vesta» көлігінен қара уылдырық тәркіленді

В Атырау за две недели на штрафстоянку отправлено более 160 машин